Нұр-Сұлтан 17°
×
05.11.2021, 09:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Танысын зорлаған азамат 6 жылға сотталды

Алматыда танысын зорлаған адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Elorda.info.

Танысын зорлаған азамат 6 жылға сотталды

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, сот Ш.есімді азаматқа қатысты қылмыстық істің нүктесі қойылды.

“Жаңа жыл қарсаңында Ш. есімді азамат алаяқтық жолмен, бірлесіп корпоративтік жаңа жылдық кештер ұйымдастырамыз деген сылтаумен өзі бұрын бірге жұмыс істеген танысы Б. есімді азаматшаны келіссөздер жүргізуге шақырған. Осы мақсатта ер адам алдын ала жалға берілетін пәтерді жалдап, онда жәбірленушіні қатты ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлаған, сондай-ақ, жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарымен азаматтың кінәсі толық дәлелденді”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Медеу ауданы аудандық сотының үкімімен Ш. есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері