Нұр-Сұлтан 26.7°
×
04.11.2021, 16:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорданың «Нұрлы жол» вокзалы маңында жаңа көпір салынады

Көпір Алматы шағынауданында орналасқан темір жол вокзалы маңындағы Ұлы дала даңғылы бойында бой көтермек. Жаңа көпірдің құрылысы туралы елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Elorda.Info.

Елорданың «Нұрлы жол» вокзалы маңында жаңа көпір салынады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаевтың айтуынша, алдағы уақытта елордада көлік кептілісін азайтып, сол жағалау мен оң жағалау арасындағы көлік ағынын реттеу үшін екі көпір салынатын болады.

«Тәуелсіздік даңғылындағы көпір бойынша жобалық-сметалық құжат бекітіліп, мердігер компания анықталды. Бүгінде бюджетті нақтылау бойынша өтініш жіберілді. Республикалық бюджеттен келесі жылға көпір құрылысына 10 млрд теңге сұрадық. Әзірге жауабын күтіп отырмыз. Жобаның жалпы құны 16 млрд-қа жуық теңгені құрайды. Екінші көпір оң жағалаудағы темір жол вокзалы маңындағы Ұлы дала даңғылы бойында бой көтереді. Біз ол көпірді салуға қатысты жуырда екінші рет байқау жарияладық. Себебі бірінші рет жариялағанымызда көпір салуға ешкім ниет танытпады. Қазір мердігер компанияны тауып, келесі жылы қала күні қарсаңында көпір құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Жансұлтан Сапарбаев.   

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері