Нұр-Сұлтан 20.6°
×
04.11.2021, 12:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Министр бензиннің қымбаттауына байланысты пікір білдірді

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бензиннің қымбаттауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elorda.info.

Министр бензиннің қымбаттауына байланысты пікір білдірді

«Шынында да, кеше бензин қымбаттады деген ақпарат келді. Кейінгі үш жылдағы статистиканы қарадым, 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін АИ-92 бағасы 163 теңгеден 178 теңгеге, үш жыл ішінде 15 теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Бұл, әрине, аз қарқынмен өсу, бірақ алаңдатарлық жайт», - деді министр.

Энергетика министрі қазір елімізде бензин қымбаттауына негіз жоқ екенін айтты.

«Бензин қажет мөлшерде өндіріліп, жөнелтіледі. Бүгінгі таңда бензинге қатысты жағдай тұрақталды. Кеше ақпарат түскеннен кейін ірі ЖМҚС-пен жұмыс істей бастадық. Ең алдымен неліктен бұлай болғанын түсіну керек, бірақ қазір ешқандай негіз жоқ деп санаймыз. Бұл жұмысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегі әріптестерімізбен бірге жүргіземіз. Бензин мен ЖЖМ бағасы тұтастай реттелмейтінін атап өткім келеді. Сондықтан біздің министрлік бағаны реттеуге жауап бермейді, бірақ жауапкершілікті ескеріп, бұл мәселемен айналысамыз», – деп түйіндеді М.Мырзағалиев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері