Нұр-Сұлтан 28.4°
×
04.11.2021, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Экология министрі еліміздегі ауасы ең лас 10 қаланы атады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады, деп хабарлайды Elorda.info.

Экология министрі еліміздегі ауасы ең лас 10 қаланы атады

Министрдің сөзінше, Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар – ауаның ластануы, жерүсті сулары және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің нашарлығы.

"Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қаланың ішінде 10 қала атмосфералық ауа ластануының жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары", - деді С.Брекешев Үкімет отырысында.

Айтуынша, жоғары ластануға жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құрудың жоқтығы, көмірді пайдалану себеп болып отыр.

Министр жерүсті сулары ластануының негізгі себебі кәріздік-тазарту құрылыс жайларының тозуы екенін атап өтті.

Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдық полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және стихиялық үйінділер өте өзекті проблемаға айналды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері