Нұр-Сұлтан 26.7°
×
02.11.2021, 21:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алғашқы қар түскенде аңшылық маусымы жалғыз өңірде ашылды

Бүгін Павлодар облысында қысқы аңшылық маусымы ашылды. Енді онда қараша, желтоқсан, ақпан айларында қоян, қарсақ, сібір елігі, түлкі, борсық және қабан атуға рұқсат беріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Алғашқы қар түскенде аңшылық маусымы жалғыз өңірде ашылды

Оның өзінде аңды арнайы бекітілген 29 шаруашылықтың аумағында ғана аулауға болады. Ал Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар аудандары мен Екібастұз, Ақсу қалаларының ауылдық округтерінде орналасқан 9 шаруашылық жерінде аң аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ Баянауыл ұлттық табиғи паркі, «Ертіс орманы» мемлекеттік резерваты мен Ертіс өзенінің жайылымында аң атуға болмайды.

«Аңшы куәлігі мен қару ұстауға рұқсат қағаз болмаса, аңға шығуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар аңшылық нысанының арнайы рұқсаты керек. Құстармен аң аулауға да рұқсат қажет. Бұл ережелер бұзылса, 10 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады», - дейді Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Жұмашев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері