Нұр-Сұлтан 15°
×
02.11.2021, 10:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда қант бағасы 30 пайызға өскен

Азық-түлік бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Жұмыртқа, күнбағыс майы және нанның ізін ала, қанттың құны аспандап кетті. Энерджипром мамандарының есебінше, соңғы тоғыз айда оның бағасы 30 пайызға өскен, деп хабарлайды Elorda.info ktk телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда қант бағасы 30 пайызға өскен

Ең қымбат қантты қазір елордалықтар тұтынып отыр. Шекердің бір келісіне Нұр-Сұлтан жұрты орташа есеппен 320 теңге төлейді. Ал Атырауда баға бес теңгеге арзанырақ. Қымбатшылық жайлаған қалалардың үштігін Павлодар қаласы түйіндейді. Қанттың отаны саналатын Таразда баға едәуір төмен. Бірден 11 теңге айырмашылығымен Қарағанды, содан соң, Талдықорған тұр.

Өткен жылмен салыстырғанда, тек Қазақстанның өзінде қант өндірісі бірден екі жарым есе өскен. Отандық өнім ішкі сұраныстың 45 пайызын қамтамасыз етіпті. Дегенмен бағаның шарықтауына тосқауыл болу мүмкін болмай келеді.

Нұржан Қайырбеков, Тараз қант зауыты бақылаушылар кеңесінің төрағасы:

- Біз қант шикізатын сырттан әкелеміз. Мәселен, Тараздағы қант зауыты шикізатты Бразилиядан алады. Сондай-ақ қант бағасының өсуіне әсер еткен бірнеше фактор бар. Биыл Қазақстанның біраз өңірінде, соның ішінде қант қызылшасы өсірілетін Жамбыл, Алматы облыстарында құрғақшылық болды.  Соның кесірінен біздің отандық өнімнен алынатын қанттың өнімділігі азайды. Әлемдік нарықта қант бағасының қымбаттауы да Қазақстанға әсерін тигізбей қоймады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері