Нұр-Сұлтан 20.6°
×
01.11.2021, 15:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

Елімізде өткен аптада 3 124 қылмыс жасалған, оның 2 мыңнан астамы ізін суытпай ашылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстанда бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

«Бір апта ішінде 3 124 қылмыс жасалды, оның арасында 2 104 іс бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтіруге қатысты – 9, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты – 5, қарақшылық – 5, тонау – 47 және бөтен мүлікті ұрлауға қатысты 454 қылмысты ашты», - деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігі ұйымдастыратын апталық брифингіде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері