Нұр-Сұлтан 17.1°
×
01.11.2021, 09:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағанды тас жолында автобус өртеніп кетті

Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында вахта жұмысшыларын тасымалдап жүрген автобус отқа оранды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағанды тас жолында автобус өртеніп кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Ал өртенген автобустың суреті Instagram-дағы karaganda.city парақшасына жарияланды.

«31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында «Қарағанды-Егіндібұлақ» тас жолының 30-шақырымында автобустың өртенгені туралы хабарлама келді. Автобустың өртенген жалпы аумағы – 24 шаршы метр. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері