Нұр-Сұлтан 20.6°
×
29.10.2021, 19:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде 5G интернеті нақты қашан іске қосылатыны белгілі болды

2022-2023 жылдары елде 5G интернетін тарататын құрылғылар орнатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Елімізде 5G интернеті нақты қашан іске қосылатыны белгілі болды

Министр бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанда 5G интернетін тестілеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. 

Оның айтуынша, елордадағы ЭКСПО ауданында аталған интернет желісін іске қосу жұмысы сынақтан өтуде.

"5G интернетін тарататын бірнеше құрал бар. Оларды сынақтан өткізіп жатырмыз. Оның жылдамдығын кеше speedtest арқылы тексердік. Ол 1 Гибабит болды. Бұл жұмыс пилот жобасы аясында жүргізілуде. Біріншіден, 5G интернетіне көшудің нәтижесінде 100 мегабит жылдамдықты ұсынамыз деген үміттемін. Екіншіден, 5G радиожиілікті енгізуді талап етеді", – деді Бағдат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты министр 2022 жылы радиожиілікті алу бойынша аукцион өткізілетінін атап өтті.

"Кейін олар тиісті құралдарды орнатады. 2022-2023 жылдары біз Қазақстанның әр қаласында мобильді операторлардың көмегімен құралдарды орнатуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін барлық облыс орталығында 5G технологиясы бойынша байланыс беріледі", – деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері