Инфекция орталығында жағдайы ауыр 107 науқас өкпенің жасанды желдету аппаратының көмегімен ем алуда, деп хабарлайды Elorda.Info ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«29 қазандағы мәлімет бойынша 48 742 адам коронавирус инфекциясынан (42 907 КВИ+ және 5 835 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 8 435 науқас стационарда, ал 40 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 587 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 107 науқас өкпені жасанды желдендіру аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.