Нұр-Сұлтан 20.1°
×
28.10.2021, 21:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл елордада 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

Елордада жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Биыл елордада 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

«2018-2020 жылдар аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамасыз ететін 30 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылды және 260 мыңнан астам тұрғынды қамтиды. Ал 6-ауы қаланың шеткері аймақтарында орналасқан. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған», – деді ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады.

«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-нің 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14 400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық – Сауран көшесі 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады», – деді Әлия Рүстемова.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері