Нұр-Сұлтан 13.9°
×
28.10.2021, 20:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы суицид жасады

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы суицид жасады. Мектеп әкімшілігі болған жағдайды растады, деп хабарлайды Elorda.info.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы суицид жасады

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, «Гарри Поттер» тақырыбындағы балға аталмыш мектептің 8-сынып оқушысы әзіл ретінде белдемше киіп келеді. Оның бұл қылығы кураторға ұнамай, ашуын тудырады. Бұдан соң мұғалім оған ұрсып, психологқа  апарған. Маманмен сөйлескеннен кейін оқушы 11-қабаттан секіріп кеткен.

“27 қазан күні 8-сынып оқушысы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп  қосымша ақпаратты  бере алмайтынын хабарлайды”, – делінген хабарламада.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері