Нұр-Сұлтан 27.8°
×
28.10.2021, 12:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Атырауда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Атырау облысында өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның панельдік отырыстары басталды, деп хабарлайды Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырауда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр
Фото: inform.kz

Пленарлық отырысты ашқан ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқыды.

Пленарлық отырыс барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамедов конференция қонақтарына Сарайшық жобасын таныстырады.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Дәурен Абаев та құттықтау сөз алады.

Конференцияның бұл бөлігінде қазақстандық тарихшылармен бірге АҚШ ғалымы Юлай Шәмілоғлы «Алтын Орда қалалары және Сарайшық» атты баяндама оқиды.

Пленарлық отырыс аясында конференцияның қарарын қабылдау жоспарланған.

Еске салсақ, кешеден бері Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Бүгін шараның панельдік отырыстары басталды. Ол 5 тақырыпқа бөлінген.

Конференция аясында шара қонақтары мен ғалымдарға Сарайшық ауылындағы этноауыл таныстырылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері