×
28.10.2021, 14:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дін мәңгілік шындық болып есептелмейді – ғалым

Кеше үшінші Нобель фестивалінде әлемдік тарихшы Ювал Ной Харари діннің мәңгілік шындық емес екендігін айтты, деп хабарлайды Elorda.info.  

Дін мәңгілік шындық болып есептелмейді – ғалым
фото: mediamax.am

«Тарих дегеніміз – өткенді зерттеу ғана емес, сондай-ақ бүгінгі шектеулерден арылу және босау. Ол үшін біз өткен заманда не ойлап табылғанын білу керекпіз. Сол арқылы бірегейлігімізді біліп, тарих бүгінімізді қалай қалыптастырғанын түсіне аламыз. Шынын айтқанда, өткен заман буынының  армандарымен біздің болашағымыз жасалды», – дейді зерттеуші.

Оның айтуынша, адамзат өзінің кім екендігін білгісі келсе, тарихқа көбірек көңіл бөлуі тиіс.

«Адамдар нақты ұлтқа бөлінеміз, христиан немесе  иудаизм діндері деп ерекшеленеміз деп ойлайды. Мәселен, бразилиялық және еврей деген сынды. Сол кезде мен өзіме «мен кіммін» деген сұрақ қоямын. Мен евреймін. Алайда, тарихқа көз жүгіртсек, мұндай бөліну, сатылану болмаған, ол жақында ғана пайда болған. Мәселен, адамзат 2 млн жылдай өмір сүріп келеді, ал діннің пайда болғанына 2 мың жыл болды. Ол кезде қытайлық немесе португалиялық деген болмады.  Христиан дінінің пайда болғанына 2 мың жыл өтті, әуел баста бұл дін басқаша болатын, қазір мүлдем бөлек. Дін мәңгілік шындық болып есептелмейді. Мұны адамның ақылы мен  санасы жасаған. Сол себептен тарих дегеніміз – өткеннің ғылымы емес, қазіргіні жасайтын ғылым деуге болады», – дейді әлемдік ғылым жұлдызы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері