Нұр-Сұлтан 28.4°
×
27.10.2021, 23:59
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақ футболын сыйламаған Тихонов пен Тигранға қандай жаза тағайындалды

Бүгін ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Elorda.info aladop.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ футболын сыйламаған Тихонов пен Тигранға қандай жаза тағайындалды

Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды:

  • Көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының ойыншысы Тигран Барсегян бір айға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
  • Команданың мінез-құлқы үшін және "Fair Play" қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді.

Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері