Нұр-Сұлтан 17.1°
×
27.10.2021, 22:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Назарбаев әуежайында авиаотын таусылды – ұшақтар ұшпай қалуы мүмкін

Авиажанармайдың аздығынан астана әуежайының жұмысына нұқсан келуі мүмкін. Қазір ондағы тұрақты жолаушылар рейстерін авиакеросинмен үздіксіз қамтамасыз ету қиынға соғып тұр, деп хабарлайды Elorda.info.

Назарбаев әуежайында авиаотын таусылды – ұшақтар ұшпай қалуы мүмкін

«Биылғы қыркүйек пен қазан айларында Қазақстанда отын тапшылығына байланысты жағдай ушықты. Қазақстанның ірі ресурс қорлары мен жеткізушілері авиаотынды уақытылы жеткізе алмай отыр, бұл қазіргі уақытта әуежайдың өңірлік көлік торабы ретінде қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізуде. Мәселен, қазір Ресейдің өнім жеткізушілері бірқатар себепке, оның ішінде ішкі сұраныстың артуына байланысты Қазақстанға авиаотын жеткізуден бас тартты», – деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Оның айтуынша, қыркүйек пен қазан айларында тапшылық пен бағаның күрт өсуіне байланысты 14 мың тонна авиаотын жеткізілмеген. Осыған байланысты бүгінгі таңда резерв таусылған.

«Қараша айында бірде-бір жеткізуші авиаотын жеткізу көлемін растамады. Жаңа келісімшарттар бойынша ең жақын арадағы жеткізу 15 қарашада болуы мүмкін. Біз жүк рейстеріне жанармай құюға шектеулер енгіздік және жақында оларды мүлдем қабылдамауға мәжбүр боламыз. Содан кейін бұл авиакомпанияларды Қазақстанға кері қайтара алмаймыз», – дейді Әнуар Шалекенов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері