Нұр-Сұлтан 17°
×
27.10.2021, 21:31
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мектепте қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы өзгереді

Еліміздегі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Elorda.info.

Мектепте қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы өзгереді
Фото: egemen.kz

Бұл жөнінде Орталық комуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы: негізгі бағыттар» тақырыбында өткен брифинг барысында Білім және ғылым министрлігіне бағынысты тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мәлімдеді.

“Ұлттық жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп, қазақстандық қоғамның мәдениет, ағарту және ұлттық рух деңгейін арттыруға бағытталған. Негізгі міндет мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін нақты іс-шаралар белгіленді. Осы уақытқа дейін «Қазақ әдебиеті» пәні мазмұнында «Әлем әдебиеті» үлгілері қоса оқытылып келсе, енді «Әлем әдебиеті» жеке оқытылады. «Қазақ әдебиеті» мазмұны тек төл шығармаларды қамтиды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жетілдіріліп, қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігі арттырылады”, – деді тіл саясаты комитетінің төрағасы.

Сонымен қатар қазақ тілінде оқулықтар әзірлеу, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дебаттық турнирлер өткізу, мемлекеттік тілде ІТ өнімдер әзірлеу, енгізу және шығару, YouTube видеохостингінде қазақ тіліндегі танымал анимациялық фильмдерді дубляждау және орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақ тіліндегі оқулықтармен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын, жоғары оқу орындарын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін қазақ тілінде колледждерге арналған 700-ден астам оқулық әзірлеу жоспарланған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері