Нұр-Сұлтан 18.8°
×
27.10.2021, 08:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық келіншектің үстіне "Сергек" орнатылған бағана құлап кеткен

Нұр-Сұлтанда жолдан өтіп бара жатқан келіншектің үстіне “Сергек” орнатылған баған құлап кеткен, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордалық келіншектің үстіне "Сергек" орнатылған бағана құлап кеткен

Әлгі әйелдің айтуынша, бағана оның аяғына түскен. 

“Бүгін 13:20 шамасында бағдаршамның жанғанын күтіп тұрғанмын. Үстіме баған құлап кетті. Оқиға “Сайназар” тұрғын үй кешенінің жанындағы Сығанақ көшесінде болды. Бір қадам артқа аттап үлгердім. Әйтпесе басыма құлап кететін еді. Бұл жағдай бойынша кімге жүгінемін? Қазір аяғыма гипс салынды, жұмыссыз қалдым”, – деп жазды келіншек.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция басқармасы былай деп түсінік берді. 

“Биылғы 23 қазанда Сығанақ көшесінің бойындағы "Sunrise" тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде, жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелдің үстіне "Сергек" камерасымен жабдықталған металл бағана құлап, аяғын жарақаттап алған. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, тексеру жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері