Нұр-Сұлтан 17.1°
×
26.10.2021, 22:57
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Айфонның қуаттандырғышы үшін Apple-ді сотқа беріп жатыр

Бейжің студенттері iPhone смартфонының жиынтығында қуаттандырғыш жоқ болғаны үшін Apple компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Elorda.info Mydrivers-ке сілтеме жасап.

Айфонның қуаттандырғышы үшін Apple-ді сотқа беріп жатыр

Талап қоюшы тараптың айтуынша, смартфондарға зарядтайтын құрылғыны қоспау арқылы Apple тұтынушылардың заңды құқығын шектеп отыр. Осылайша студенттер iPhone қорабына қуаттандырғышты қайтарсын деп талап қоюда.

Бұған дейін Apple қоршаған ортаға қамқорлық желеуімен iPhone 12 сериясынан бастап смартфон қуаттандырғыштарын жиынтыққа қоспайтынын мәлімдеген болатын. Студенттер компанияның бұл позициясына қарсы дау айтуда. Олардың пікірінше, компания қуаттандырғыш шығаруда жалғастырып, оны бөлек сату арқылы қосымшаға пайдаға кенелгісі келеді. 

Айта кетейік, Apple-дың экологияға қатысты бұл позициясын басқа да мобильді құрылғы өндіруші компаниялар өз тәжірибесінде іске асыра бастады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері