Нұр-Сұлтан 18.6°
×
26.10.2021, 18:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ғалымдар антибиотиктің көмегімен иммунитетті жақсартудың жолын тапты

Ғалымдар антибиотиктерге арнайы молекулаларды енгізіп, олардың тиімділігін арттырды. Олар иммундық жүйе жасушаларын белсендірек жұмыс істетіп, олардың микробқа қарсы шабуылдауына жол ашады, деп хабарлайды Elorda.info Nature Communications журналына сілтеме жасап.

Ғалымдар антибиотиктің көмегімен иммунитетті жақсартудың жолын тапты

“Тышқандарға жүргізген экспериментімізден байқағанымыздай, антибиотиктің көмегімен иммунитетті жақсарту емдеу процесін екі есе тиімді етеді әрі антибиотиктің дозасын бес есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді”, – дейді зерттеу авторларының бірі, Аустралиядағы Монаш университетінің доценті Макс Крайл.

Соңғы жылдары ғалымдар бір немесе бірнеше антибиотикке төзімді микробтардың ондаған штамы пайда болғанын байқаған-ды. Бұл құбылыс болашақта осыған ұқсас барлық дәрі-дәрмектің тиімділігін жоюы мүмкін еді. Бұл тек медицинаға емес, сондай-ақ антибиотиктер жиі қолданылатын мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына да зиянын тигізері анық.

Жаңа препарат құрамындағы белоктық қосылыстар зиянды микробтардың қабығына жабысып, нейтрофилдердің “назарын аударады”. Микробтарды жаулап, қорытып алатын, сондай-ақ бактерияларды өлтіріп, үркітетін иммундық жасушаларды ғалымдар әдетте осылай деп атайды.

Ғалымдардың ойынша, соңғы жылдары микробтардың төзімділігі есебінен тиімділігі төмендеп кеткен антибиотиктерді осылайша модификациялауға болады. Бұл инфекциялармен күресті жеңілдетеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері