Нұр-Сұлтан 20.6°
×
25.10.2021, 20:22
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда автобустан өрт шықты (ВИДЕО)

Елордада Кравцов көшесінің бойындағы аялдамада тұрған автобустан өрт шықты, деп хабарлайды Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда автобустан өрт шықты (ВИДЕО)

Қаладағы CTS көлік компаниясының мәлімдеуінше, өрт автобустың моторлы бөлігінен шыққан.

“Шыққан өртті мамандар шұғыл түрде сөндірді. Автобус бұл кезде аялдамада тұрған болатын. Жолаушылар тез арада салоннан шығып үлгерген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ”, – дейді аталмыш ұйымның баспасөз қызметі.

Елорданың ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, өрт шыққан аймаққа бір техника мен жеті өрт сөндіруші шыққан. Алайда тілсіз жауды олар келмей жатып ауыздықтаған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері