Нұр-Сұлтан 17.1°
×
25.10.2021, 18:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Жайлы тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы «Жайлы тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Elorda.Info «LS» агенттігіне сілтеме жасап.

«Жайлы тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылмақ

Агенттіктің хабарлауынша, 2022-2025 жылдары Қазақстанда тұрғын үйге 1,95 трлн теңге бөлінген. Осы қаржыға мақсатты топқа кіретін 185,1 мың адамға жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шығындарын субсидиялау, 102,3 мың әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салу, 25 млн шаршы метр тұрғын үй салу сияқты қолдау іс-шаралары жүзеге асырылады.

Жұмыс істейтін жастарға арналған мың тұрғын үй, сонымен қатар ауылдық жерлерде өз жұмысшыларына үй салған жұмыс берушілердің шығындарын жабу көзделеді. 235 мың жер учаскесі жаңа тұрғын үймен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Жалпы, алдағы 5 жылдың ішінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 103 млн шаршы метр баспана салу көзделіп отыр. Бұл ретте Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы әкімдіктермен бірге әлеуметтік кредиттік баспана салуды қаржыландыруды жалғастырады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай елімізде кезекте тұрған азаматтар үшін 86 мыңнан астам баспана салынады.

Отбасы банкі арқылы халыққа 2 және 5 пайыздық жеңілдікпен несие беру де жалғасады. Ол үшін аталған ұлттық жоба аясында 400 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат кірісі 1 ең төменгі күнкөріске жетпейтін 63 мыңнан астам кезекте тұрған азаматты қолдауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау көзделетін болады. Адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар, кезекте тұрған 185 отбасы қолдауға ие болмақ. Жоба үшін учаскелерді және жылжымайтын мүлік көлемінің 50% сатып алу немесе жалға алу бойынша кепілдендірілген «офтейк-келісімшарттарды» ұсыну арқылы жеке құрылыс салушылардың инвестициялары тартылатын болады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері