Нұр-Сұлтан 15°
×
23.10.2021, 08:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының әр жылдардағы жеңімпаздары бірігіп, қауымдастық құрды, деп хабарлайды Elorda.info.

 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

Жиын барысында қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, қауымдастықтың мүшелігі, ұйымдастырушылық мәселелері, құрылымы секілді бірқатар мәселе талқыланды. Сонымен қатар, ұйымның және атқарушы органның құрамы анықталды. Қауымдастықтың даму стратегиясы талқыланып, бірлестік жұмысының негізгі қағидаттары айқындалды.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының күші мен тәжірибесін біріктіре отырып, қазақстандық жастардың белсенділігін арттыру.

Қауымдастық қызметі медицина, білім және ғылым, мәдениет пен спорт, бизнес және экология салаларын қамтып, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына жүзеге асатын болады.

Қауымдастықтың негізгі қозғаушы күші жобаның белсенді жеңімпаздарынан тұратын еліміздің көрнекті және болашағы зор кәсіби мамандар қоғамдастығы болды, олардың қатарында ғалымдар, дәрігерлер, спортшылар, дизайнерлер, мәдениет қайраткерлері мен бизнес иелері бар.

 

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері