2040 жылға қарай мұхиттағы пластиктің мөлшері үш есе артады. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға 23-37 млн тонна қалдық төгіледі. БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасында осындай тұжырым келтірілді, деп хабарлайды Elorda.info.
“Пластик қолданудың азайтпаудың салдары ретінде судағы барлық тіршілік иесі – планктондар мен моллюскілерден бастап құстар, тасбақалар, сүтқоректілерге дейін уланады”, – дейді сарапшылар.
Олардың айтуынша, ең қатты алаңдаушылық микропластиктер мен химиялық қоспалар секілді өнімдердің ыдырауына байланысты туып отыр.
“Олардың көбі адам өмірімне де, жабайы жануарларға да, экожүйеге де зиян әрі улы”, – дейді ұйымның атқарушы директоры Ингер Андерсен.
Аталмыш бағдарламаның дерегінше, теңіздегі қалдықтардың 85%-ы пластиктерден тұрады.