Нұр-Сұлтан 17°
×
21.10.2021, 17:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ҚР Сенаты Каспий теңізін ластанудан қорғау жөніндегі Заң жобасын қабылдады

Халық қалаулылары су айдынын ластанудан қорғау туралы конвенцияны ратификациялады. Бұл құжат теңізді қорғау барысында ең озық қолжетімді технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл туралы Жоғарғы палатаның корпусында мәлім болды, деп хабарлайды Elorda.Info.

ҚР Сенаты Каспий теңізін ластанудан қорғау жөніндегі Заң жобасын қабылдады

Құжатты Каспий маңындағы бес мемлекетпен бірге Қазақстан да бірлесе жасаған. Ратификация елдерге Каспий теңізінің экологиясын сақтау үшін озық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандардың сипаттамалары туралы деректер базасын құру көзделген.

Мінберде баяндама жасаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізіндегі көмірсутек шикізатының ірі қорларының болуы су айдынының экологиясы мен биоресурстарын сақтау туралы мәселесі өзекті екенін алға тартып, аталмыш хаттаманың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Хаттаманың негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экологиялық таза теңіз ортасына қол жеткізу және сол қалпында сақтау үшін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызметтер нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, бәсеңдету, бақылау және барынша мүмкін болатын апаттарды жою болып табылады», - деді Серікқали Брекешев.

Министрдің айтуынша, конвенция негізінде әр тарап ақпаратқа оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ құжат ластану деңгейін бақылауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға көмектеседі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері