Нұр-Сұлтан 28.4°
×
18.10.2021, 20:58
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жарнама сайттарында "Алтын белгі" сатылып жатыр

Қостанайлық мектеп түлегі жарнама сайттарының біріне "Алтын белгі" медалін 2 млн теңгеге сататыны туралы хабарландыру жариялады, деп хабарлайды Elorda.info аймақтың "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Жарнама сайттарында "Алтын белгі" сатылып жатыр

Газет тілшісі жарнама иесіне хабарласып көрген екен.

“Екі миллион теңгеге сатамын. Жап-жаңа. Бұл – эксклюзивті медаль, көп жерде кездесе бермейді! – депті ол. 

– Сізде бұл медаль қайдан жүр? Сатуға обал емес пе?

– Биылғы түлекпін. Обал… Сатып алсаңыз, 1,5 миллионға берейін…

Атын атағысы келмеген жарнама иесі “Алтын белгіні” не үшін сатып жатқанын да айтпаған.

Ал аталмыш жайтқа қатысты Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына хабарласқан Express Qazaqstan тілшісіне ол жақтағылар былайша жауап берген.

"Үздік оқығаны үшін берілетін "Алтын белгі" — оқушының көп жылғы еңбегінің нәтижесі, оның оқудағы жетістіктерінің айғағы және жеке меншігі. Аттестатсыз және арнайы куәліксіз белгінің ешқандай заңды мәні болмайды және жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік алуға әсер етпейді. Түлектің неге мұндай шешім қабылдағанын білмейміз, бірақ көп күш жұмсаған белгіні сатуға шешім қабылдағаны өте өкінішті", — деді басқарманың баспасөз хатшысы Анна Лазарева.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері