×
17.10.2021, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

Нұр-Сұлтан уақытымен 10 сағат 36 минутта «Союз-МС-18» ғарыш кемесі экипажы Қазақстан аумағына қонды, деп хабарлайды Elorda.Info

Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

Бортында ғарышкер Олег Новицкий, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар «Союз-МС-18» кемесінің аппараты Жерге қонды. Ғарыш кемесі аппаратының қонуын қамтамасыз ету жұмыстарына Орталық әскери округтен 200-ге жуық әскери қызметкер, 12 «Ми-8МТВ5-1» тікұшағы, «Ан-12» және 3 «Ан-26» ұшағы, 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, «Союз МС-18» ғарыш кемесі 9 қазан күні Байқоңыр ғарыш айлағынан  ұшырылған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері