×
17.10.2021, 16:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жыл басынан бері Қазақстаннан 22,6 мың адам көшіп кеткен

Соңғы 8 айда Қазақстанға көшіп келгендер саны 6,3 мың болса, көшіп кеткендері – 22 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды Elorda.Info

Жыл басынан бері Қазақстаннан 22,6 мың адам көшіп кеткен

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарының мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізге тұрғылықты тұруға 6339 адам келген. Ал елімізден көшіп кеткендер саны 22685 адамды құрады.

Осылайша, көші-қонның айырымы -16346 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 84,1% және 86,1% құрайды.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,3% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды – Алматы (20235 адам), Нұр-Сұлтан (18390 адам), Шымкент (9276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері