Нұр-Сұлтан 17.1°
×
14.10.2021, 14:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жамбыл облысында оқ-дәрі бөлшектерін жару басталды – Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару басталды, деп хабарлайды Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында оқ-дәрі бөлшектерін жару басталды – Қорғаныс министрлігі

“Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында осы жылдың 13 қарашасына дейін жүргізіледі. Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді. Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды”, – делінген хабарламада.

Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері