Нұр-Сұлтан 18.6°
×
12.10.2021, 00:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық автобус жүргізушілері қандай жол ережелерін көп бұзады

4-13 қазан аралығында елорда жолдарындағы жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін болдырмау үшін астана аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Elorda.info Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық автобус жүргізушілері қандай жол ережелерін көп бұзады

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы автобус жүргізушілері жіберген 700-ге жуық құқықбұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде 214-і – маневр жасау ережесін бұзу, 167-сі – көлікті басқару кезінде телефонды қолдану, 80-і – техникалық тексеруден өтпеу.

Ереже бұзғаны үшін автобус паркінің 15 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері Тұран даңғылымен Сығанақ көшесі жағына қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен 29 жастағы маршруттық автобустың жүргізушісін анықтады. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігінің жағына шығып кеткені үшін жүргізушіге алты ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр.

Көлік кәсіпорындарының жүргізушілері жіберген барлық құқықбұзушылық фактісі бойынша басшылар әкімшілік жауапқа тартылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері