×
11.10.2021, 23:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жануарын қараусыз қалдырған астаналықтар айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтанда  қараусыз қалдырған жануарлардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жануарын қараусыз қалдырған астаналықтар айыппұл төлейді

Әкімдіктің сайтында мәлімделгендей, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен және елорданың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406, 408-баптарына сүйеніп жануардың меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды. Аталған баптар елорда аумағында қараусыз қалған малды жаю фактісін анықтау жағдайларына қатысты болып отыр.

Жануар иесінің жеке басы анықталғанға және мән-жайы анықталғанға дейін қараусыз қалған мал Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекен-жайында ұсталатын болады.

Жануарларды иесіне қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуі тиіс.

Бұл шаралар қараусыз қалған жануарлар кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ ұрланған малды ұрлау мен заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172)55-68-96, 8(7172)28-59-70.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері