×
10.10.2021, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада көмірге сұраныс артты

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында көмірге сұраныс жоғары, деп хабарлайды Elorda.Info.

Елордада көмірге сұраныс артты
фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан темір жолы» ҰК» елорда тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету процесін көрсетіп, көмірдің жеткілікті қоры бар екенін айтты.

«Күніне 8-10 вагон көмір қабылдаймыз. Елорда тұрғандары тез алып кетеді. Бізде «Майкөбе» көмірі сатылады. Өзімізге тиесілі алаңға айына 20 мың тонна көмір кіргізе аламыз. Дәл қазіргі уақытта екі мыңға жуық көмір қоры бар. Кеше ғана 500 тонна көмір келді. Бір күнде 100-ге жуық көлік келіп, көмірді сатып алады. «Майкөбе» көмірінің бағасы 11500 теңгені құрайды. Әзірге көмір алған тұрғындардан ешқандай шағым естіген жоқпыз. Биыл көмірге деген сұраныс өте көп», - дейді «Айтқожинов» ЖК директорының орынбасары Валерий Горудков.

Ал сұранысқа ие көмір түрлері «Шұбаркөл» және «Қаражыра» маркалары. Статистикалық мәлеметтерге сәйкес, соңғы 9 айда 7,7 млн тонна көмір жөнелтілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері