Нұр-Сұлтан 14.5°
×
08.10.2021, 21:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл елімізде жолаушылар әуе компанияларын қанша миллиардқа "байытты"

Биылғы қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстанда 6,1 млн жолаушы ұшақ қызметін пайдаланды, бұл былтырғы көрсеткіштен екі еседей дерлік, яғни 90,3%-ға көп, деп хабарлайды Elorda.info energyprom.kz-ке сілтеме беріп. 

Биыл елімізде жолаушылар әуе компанияларын қанша миллиардқа "байытты"

Былтырғы “карантинді жылмен” салыстырғанда мұндай айырмашылықтың болуы аса таңғалдырмайды. Бірақ бір таңғаларлығы, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда да жолаушылар тасымалы 8%-ға өсіп отыр. 

Сондай-ақ биылғы сегіз ай ішінде әуе транспортымен 22,5 мың тонна жүк тасымалданған, бұл былтырға қарағанда 73,1%-ға көп. 

Отандық әуе компанияларының табысы биыл 229,9 млрд теңгені құрады, ал былтыр бұл сома 119,4 млрд теңге болған. 

Табыстың басым бөлігі – 94,7%-ы немесе 217,7 млрд теңге жолаушылар тасымалы есебінен түскен. Қалған 5,3%-ы жүк тасымалының үлесіне тиеді.

Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша ұшақ билеті алдыңғы айға қарағанда 9,5%-ға арзандаған, алайда жылдық динамикада 8,7%-ға қымбаттаған.

Ең қатты қымбатшылық Маңғыстау (30,7%), Түркістан (30%) және Павлодар (29%) облыстарында тіркелген. Ал Шымкент (1,7%), Ақтөбе (4,2%), Ақмола (22,5%) және Батыс Қазақстан (31,7%) облыстарында ұшақ билетінің бағасы төмендеген. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері