Нұр-Сұлтан 15.9°
×
07.10.2021, 07:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

Elorda.info 7 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

 

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

9.00-де KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының «Women in energy: equality and success» форумы өтеді. Онлайн трансляция www.kazenergyforum.com сайтында көрсетіледі.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

10.20-да Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-ул-ислам Аллахшукюр ПашаЗаде Еуразия ұлттық университетіне барады және университет студенттері мен оқытушыларының алдында дәріс оқиды.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ер Төстік» әдеби байқауының қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар марапатталады.

11.00-де Есіл ауданының полиция бөлімінде «Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрландыру жобаларын іске асыру» тақырыбында брифинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев, Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.15-те Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс Нобель фестивалі аясында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен студенттері алдында «Әлемдік экономикадағы жаңа дәуір: цифрлық революция, энергетикалық көшу, климат және өсу полюстерінің өзгеруі» тақырыбында сөз сөйлейді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық экспортты қолдау және дамыту үшін QazTrade компаниясының мүмкіндіктері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де Қазмедиа орталығында «Junior Eurovision 2021» байқауының Ұлттық іріктеу кезеңінің қазылар алқасы отырыс өткізеді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері