Нұр-Сұлтан 18°
×
06.10.2021, 18:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Неліктен ұйықтағанда телефонды алысқа қою керек

Назарбаев университеті «PopSci» жобасының алтыншы шығарылымын жариялады. Ондағы әңгіме барысында Инженерия және цифрлық ғылым (SEDS) мектебінің ғалымдары телефонмен ұйықтаудың неліктен қауіпті екенін талқылады, деп хабарлайды Elorda.info.

Неліктен ұйықтағанда телефонды алысқа қою керек

SEDS постдокторанты Айшуақ Қонаровтың айтуынша, мұндай тыйымның басты себебі – телефонның ішінде жануға бейім компоненттің бар болғанынан. 

“Әдетте телефондардың батареясының сыртында “тез өртенеді” деген ескертпе болады. Мұндай батареяларды NMC (Nickel, Manganese and Cobalt) деп те атайды. Әсіресе зарядтау процесі кезінде олар өте қауіпті. Олар ылғалға қатты реакция жасайды. Қандай да бір болмашы ақау шықса, жанама әсері ретінде жарылуы мүмкін”, – деді қазақстандық ғалым. 

Сондай-ақ ол мұндай батареяларға тіпті құрылғы істен шыққан күннің өзінде көп жоламау керектігін айтады.

“Біздің құрылғыларда ең көп қолданылатын түрлері – литий-иондық батареялар. Зарядталмайтын батареяларға қарағанда олар өте қуатты келетіндіктен, көп техникада осыларды қолданады. Бағана айтқанымдай, олар өте тұрақсыз. Мұнымен қоса, батареяның ішінде органикалық еріткіштен жасалған электролит болады. Олар тез тұтанады. Сондықтан, тіпті істен шығып қалса да, батареяларды кесуге немесе шашуға болмайды”, – деді Айшуақ Қонаров. 

Өз кезегінде бағдарлама қатысушысы, SEDS доценті Мартин Лукач та осыған қатысты пікірін білдірді.

“2011 жылы Жапонияда болғанымда аса ірі жер сілкінісі болған еді. Тасыған су Toyota Prius деген гибридті көліктерге тигенде олар өртеніп кетті. Өйткені олардың батареясы ішіндегі электролиттер ылғалға төзімсіз”, – деді НУ ғалымы. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері