×
18.03.2023, 16:37
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екі мыңға жуық қазақстандық Конституциялық сотқа шағымданды

46 пайызы сот шешімімен келіспейтінін жазады

Екі мыңға жуық қазақстандық Конституциялық сотқа шағымданды

Конституциялық сотқа келіп түскен өтініштердің жай-күйі туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Жоғарғы органға барлығы 1856 өтініш келіп түскен, оның 42-сі - сот жаңадан құрылған 2022 жылы жолданған.

Екі өтініш бойынша соттың нормативтік қаулысы қабылданды.

306 өтініш қаралып жатыр, 12-сі конституциялық іс жүргізуге қабылданды. 3 арыз алдын ала зерделену үстінде.

Келіп түскен шағымдардың 23 пайызында құқықтық-нормативтік актілерді немесе оның жекелеген ережелерін заңсыз деп тануды сұраған.

46 пайызы сот шешімімен келіспейтінін жазады.

3,6 пайызы ақпараттың қолжетімсіз екеніне шағымданса, 2,3 пайызы - еңбек және зейнетақымен қамту, 1,6 пайызы - қылмыстық атқару жүйесі саласына қатысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері