×
25.01.2023, 11:31
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елімізде 1,8 мыңнан аса киік ату жоспарланып отыр

Тиісті заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған

Елімізде 1,8 мыңнан аса киік ату жоспарланып отыр
фото: pixabay.com

Қазақстанның төрт облысында 1 815 киік ату жоспарланып отыр. Сәйкес құжат қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың 15 ақпанынан 2024 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта аулауға рұқсат берілетін жануарлар санын белгілемек.

Бұл аралықта 1 815 киікті ғылыми мақсатта ату жоспарланған. Олардың ішінде Ақмола облысында 705, Қарағанды облысында 700, Қостанай облысында 210 және БҚО-да 200 бас ауланады.

Тиісті заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және 7 ақпанға дейін қоғам талқысында болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері