×
02.12.2022, 16:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екібастұз ЖЭО жұмысшылары қала тұрғындарына үндеу жолдады (ВИДЕО)

Судың көлемі шектеулі

Екібастұздағы Жылу электр орталығының жұмысшылары неліктен жүйенің қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары видеохабарлама түсіріп жариялады. Олар қала тұрғындарынан жылу жүйесіндегі суды өз бетінше ағызбауды сұрады.

Бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру бойынша жұмысымызды сәтті аяқтауға кедергі келтіреді. Судың көлемі шектеулі, - деп түсіндірді мамандар.

Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тұрғын үй құбырларынан суды бақылаусыз ағызу Екібастұз қаласын жылумен қамту жүйесінде теңгерімсіздік тудырғанын айтқан болатын. Бұл қалған тұрғын үйлердің жылуға қосылуын бәсеңдетеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері