×
01.12.2022, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Несиелер кешіріле ме»: Министрлік жауап берді

Бұл мәселе заңмен реттеледі

«Несиелер кешіріле ме»: Министрлік жауап берді

Әлеуметтік желілерде «банктік қарыздар бойынша рақымшылық жасау» жоспарланғаны туралы айтылып та, жазылып та жүр, яғни несиелер кешіріледі екен. Бұл ақпараттың осы Заңға қатысы бар ма және бұл ақпарат шындыққа сәйкес келе ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қаржы вице-министрі осындай сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Ержан Біржановтың айтуынша, әзірге мұндай бастама көтеріліп отырған жоқ.

Бізде банкроттық туралы заң жобасын дайындау рәсімі қарастырылған. Несиелерді кешірудің бұл заңға қатысы жоқ және оның мәні емес. Бұл жеке бастама болуы мүмкін, бірақ бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Біз өз тарапымыздан заң жобасын дайындадық, депутаттық корпус талқылағаннан кейін оны барынша қысқа мерзімде қабылдауға тырысамыз, сонда қарызы бар адам құқықтық салада әрі қарай рәсімдерге қатыса алатындай пәрменді тетік, пәрменді құрал болады. Оған айыппұл санкциялары есептелмеуі, хабарлама жіберілмеуі, сондай-ақ жазалау шаралары қолданылмауы үшін. Біздің міндетіміз – осы. Несиелерді кешіру туралы көп айтылады, бірақ ондай шешім жоқ. Меніңше, бұл мәселе заңмен реттеледі. 1,5 миллионға жуық қазақстандықтың мерзімі 90 күннен асқан қарызы бар және олар банкроттық туралы заң бойынша болашақ өтініш берушілер болып табылады, - деп жауап берді спикер.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері