×
01.12.2022, 12:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мусин Астанада митинг кезінде неліктен интернет істемей қалғанын түсіндірді

Мусин Астанада митинг кезінде неліктен интернет істемей қалғанын түсіндірді
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы митинг кезінде неліктен ұялы байланыс интернеті болмағанын айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Соның салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды, - деді Бағдат Мусин Сенат отырысынан кейінгі кулуарда.

Айта кетейік, 26 қараша кешке қарай бір сағат шамасында интернет жұмыс істемей қалған еді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері