×
30.11.2022, 16:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екібастұздықтарға 5 мың электр жылытқыш тегін берілді

Сұраныс артты

Екібастұздықтарға 5 мың электр жылытқыш тегін берілді

Бүгін өткен брифингте Екібастұз қаласының жылу желілерінің ағымдағы жағдайы және температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ол қала тұрғындарына 5 мың электржылытқыш тегін берілгенін атап өті.

Сұраныс артты, онда баға да көтеріледі. Бүгін таңертең жылу берген үйлерді аралағанда бір кісі өзім сатып алдым деді. Әкім бірден тапсырма берді, оған электржылытқыш құрал апарып берілді. Оны сатып алудың қажеті жоқ. Бәріне жетеді. Компания иелері, Аманат партиясы, волонтерлер көмектесіп жатыр, - деді вице-премьер.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері