×
30.11.2022, 12:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Клебанов Екібастұз халқына моральдық шығын төлеуі қажет – Мәжіліс депутаты

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан соң айтылды

Клебанов Екібастұз халқына моральдық шығын төлеуі қажет – Мәжіліс депутаты
Фото: tv7.kz

«Екібастұзжылуэнергоның» қожайыны Александр Клебанов Екібастұз халқына моральдық шығын төлеуі қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Депутат әрбір Қазақстанның азаматы бүгінгі таңда мемлекеттің мүліктері үшін жауапты болуы керектігін жеткізді. 

Оқи отырыңыз: Екібастұздағы жылу магистралін жөндеуге өзге өңірлерден бригадалар жұмылдырылды

Екібастұздықтарға өтемақы төленеді

Үкімет басшысы Екібастұздағы апаттан барлық әкім сабақ алуы қажет екенін айтты

Қазақстанның азаматы болғандықтан Клебанов (Александр Клебанов) егер осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, ол халыққа  және мемлекетке келтірген зиянның барлығын өтеуі керек. Осыдан 2 күн бұрын әкімдікте жиналыс болды. Сол жерде Клебанов мырза болды. Бұл мәселені ол кісіге қойдық. Ол кісі «Нысанды 1 теңгеге мемлекетке сатамыз» деді. Біз «Жоқ, олай болмайды» дедік. Ең біріншіден, осы кәсіпорынды иелікке алған кезде жағдайы қандай, қазіргі жағдайы қандай. Соның айырмасын анықтап, сол айырманы төлеуі керек. Екіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан халқы қиналып жатыр. Сондықтан, әсіресе, Екібастұз халқына моральдық шығын төлеуі қажет, – деді Мәжілістің кулуарында Ерлан Саиров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері