×
30.11.2022, 11:52
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада заңсыз шеруге қатысқан 18 адам ұсталды – ІІМ

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан соң айтылды

Елордада заңсыз шеруге қатысқан 18 адам ұсталды – ІІМ
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада елордада өткен заңсыз шеруге қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Оқи отырыңыз: Полицейлер елордадағы митингке түсініктеме берді

Елордада митинг ұйымдастырған Марат Әбиев 15 тәулікке қамауға алынды

Митинг болған жоқ. Бұл – заңсыз шеру. 18 адам ұсталды. Олар әкімшілік жауапқа тартылды. 15 тәулікке қамауға алынды. Олар Ақорда жаққа бармақшы болды. Сондықтан заңсыз шеруді тоқтатып, оларды ұстауға тура келді, - деді Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында. 

Ішкі істер министрі орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде азаматтардың заңсыз шеруге шығу себептері анықталып жатыр. 

Айта кетейік, заңсыз шеруге өзге өңірдің азаматтары да қатысқан. Ал шеруді ұйымдастырған Марат Әбиев 15 тәулікке қамауға алынған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері