×
29.11.2022, 19:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екібастұздықтарға өтемақы төленеді

Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады

Екібастұздықтарға өтемақы төленеді
фото: «Павлодарэнерго» АҚ

Екібастұзда шығынға ұшыраған азаматтардан өтініш қабылдануда, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының аумағында техногендік сипаттағы ТЖ режимін енгізу нәтижесінде қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жылыту пункттерін ұйымдастыруда.

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар қала әкімінің атына еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді. Өтініште өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, зақымдану себебі көрсетілуі тиіс. Өтініштерді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді, – дейді әкімдік.

Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша жылыту пунктілерінде қабылданады:

1) № 17 орта мектеп – Рабочая көшесі, 1;

2) № 4 орта мектеп – Абай көшесі, 84;
3) № 23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 24;
4) № 36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 23;
5) № 22 орта мектеп – Әуезов көшесі, 54а;
6) № 21 орта мектеп – Петренко көшесі, 7;
7) «Өнер» МКК – Әуезов көшесі, 62а;
8) Музыкалық мектеп – Әуезов көшесі, 55/1.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері