×
29.11.2022, 17:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екібастұздықтар 1 ай бойы тегін интернет қолданады

Екібастұздықтар 1 ай бойы тегін интернет қолданады
Фото: ашық дереккөзден

160 мыңнан астам абонент бір ай бойы тегін қоңырау мен мобильді интернет қызметтерін пайдалана алады деп хабарлады Elorda.info.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Екібастұзда болған жылу электр орталығындағы апатқа және төтенше жағдай режиміне байланысты мобильді операторларды Екібастұз бен Павлодар облысының тұрғындарына қолдау көрсетуге және тегін трафик ұсынуға шақырып, акцияға бастамашы болды. Тегін интернетті 28 қарашадан бастап 30 күн қолдануға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері