×
29.11.2022, 22:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда тауық еті бір жылда 28%-ға қымбаттады

Дүкендерде тауық етінің бір келісі 1 400 теңге

Қазақстанда тауық еті бір жылда 28%-ға қымбаттады
Фото: Оңалхан Өнерхан

1 қарашаға дейінгі дерекке қарағанда биыл Қазақстанда тауық етінің бағасы 27,9%-ға көтерілген деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Дүкендерде тауық етінің бір келісі 1 400 теңге, ал бір келі тауықтың сан еті 1 200 теңге тұрады. 

Оқи отырыңыз: Елордада жыл басынан бері тауық еті 400 теңгеге қымбаттады

Астанада соңғы жарты жылда сары май бағасы 2000 теңгеге дейін өскен

Тауық еті ең қатты қымбаттаған өңірлер – Абай облысы (баға бір жылда 52,3% көтерілген), Шымкент (48,7%) пен Шығыс Қазақстан облысы (41,9%). Ал тауықтың сан етінің бағасы Маңғыстауда 54,9%, Павлодар облысында 43,9% мен Солтүстік Қазақстан облысында 35,7%-ға жоғарлаған. 

Статистикаға сенсек, ең қымбат тауық еті Ақтауда сатылып жатыр. Онда бір келі етті 1 700 теңгеге алуға болады. Ал тауықтың сан етінің ең қымбаты Түркістанда, онда бір келінің бағасы – 1 400 теңге. Ең арзан тауық еті (1 200 теңге) мен сан еті (997 теңге) Оралда сатылады. 

Мамандар биыл Қазақстанда тауық еті былтырға қарағанда 4,3% (267,2 тонна) артық сатылған дейді. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері