Elorda.info

Елордада жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт Қостанайдан табылды (ВИДЕО)

Онда ол аспаз болып жұмыс істеген және жалдамалы пәтерде тұрған 

Елордада жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт Қостанайдан табылды (ВИДЕО)

Елордада жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт Қостанайдан табылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Polisia.kz сайтының жазуынша, жас жігітті туыстары бір жылға жуық уақыт бойы іздеген. 21 қаңтарда күндізгі уақытта жігіт үйінен шығып, қайтып оралмаған. Полицияға жоғалған інісі туралы оның әпкесі жүгінген. Жас жігітті іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы бағдар алып, іздестіру ісі қозғалған.

Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған азаматтың болуы мүмкін жерлерді зерттеп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұрау алынды. Қолданылған шаралар нәтижесінде елорда тұрғыны Қостанай қаласынан табылды. Онда ол аспаз болып жұмыс істеген және жалдамалы пәтерде тұрған.

Жас жігіт құмар ойындарда ақша ұтылып, қарыз болып қалғандықтан үйден кетіп қалғанын түсіндірді. Жігіттің үйінен бірінші рет кетіп қалмағаны және ойын ойнауға құмар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта жігіт туыстарының жанында.

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет