Қазақстанда сырттан жиі тартылатын мамандарды шақыру көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
«Ашық Қазақстан 500+» көш-қон саясатының тұжырымдамасы бойынша шетелден 100 үздік маманды тарту көзделіп отыр. Мұндағы негізгі мақсат – білім трансферті және осы кәсіптер бойынша өз мамандарымызды даярлау. Олардың Қазақстанда тұруына рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылған «Бағалы дағдылар визасы» енгізіледі, – деді министр.
Тамара Дүйсенова өз баяндамасында «Құнды дағдылар рейтингі» жасалатынын айтты. Рейтингтегі тапшы кәсіптер мен мамандықтар тізімі үнемі жаңартылып отырмақ.