×
29.11.2022, 10:23
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллионға өсті

Бұл - тарихта болмаған рекордтық көрсеткіш

Елімізде соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллионға өсті
Фото: Sputnik

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Тек соңғы 10 жылдың ішінде оқушы саны 1 млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп қалды. Бұл тарихта болмаған рекордтық көрсеткіш. 

Осыған байланысты мектептерге үлкен жүктеме түсіп отыр. Проблемаға әсер етіп отырған бес фактор бар. 

Олар - урбанизация, миграция, туу көрсеткіші, мектеп ғимараттарының тозуы және мегаполистерде тұрғын үйлердің тығыз салынуы.  Бұл факторлар жобада толығымен ескерілді, - деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері