Elorda.info

Мәжілістің бір топ депутаты Екібастұзға барды

Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында

Мәжілістің бір топ депутаты Екібастұзға барды

Мәжілістің бір топ депутаты төтенше жағдай болған Екібастұз өңіріне барды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оқи отырыңыз: Елордада Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жиналып жатыр

Президент Үкімет басшысына энергетикалық активтерді мемлекетке  қайтаруды тапсырды

Екібастұздағы төтенше жағдай күллі қазақстандықтарды алаңдатады. Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше Amanat фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты. Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді, - деп жазды Мәжіліс спикері.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет